Шымкент қаласында діни ахуалға қатысты екі күндік семинар-тренинг басталды

Шымкент қаласында діни ахуалға қатысты екі күндік семинар-тренинг басталды

2025 жылғы 15 мамыр күні Шымкент қаласының Дін істері басқармасы мен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының бастамасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істер комитеті және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен маңызды іс-шара өз жұмысын бастады.

🔹 Семинар-тренингтің басты мақсаты — қоғамда зайырлы қағидаттарды нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және деструктивті діни ағымдардың алдын алу.

Іс-шараны Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Әлтайұлы құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға табысты жұмыс пен жемісті нәтиже тіледі.

🔸 Арнайы шақырылған спикер, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, белгілі теолог Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев семинар қатысушыларына діни сауаттылықты арттыру, ұлттық-рухани бірегейлікті сақтау, жастар арасында теріс ағымдардың алдын алу тақырыптарында мазмұнды тренинг өткізді.

📌 Семинар жұмысы ертең де жалғасын табады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, нақты сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болуда.