Сайрам тұрғын алабында «Сатқындық» қойылымы сахналанды
Бүгін Сайрам тұрғын алабындағы Өзбек драма театрында Шымкент қаласының Дін істері басқармасының тапсырмасы бойынша «Сатқындық» атты әсерлі драмалық қойылым сахналанды.
Қойылымда отанға адалдық, елге деген сүйіспеншілік және сатқындықтың салдары секілді терең тақырыптар көрініс тапты. Туынды көрермендерді адалдық пен сатқындықтың ара жігін ажыратып, азаматтық борыш пен адамгершілік туралы ойлануға шақырды.
⠀
Шынайы актерлік ойын мен мазмұнды сахналық шешімдер арқылы қойылым көрерменнің жүрегіне жол тауып, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің маңызын айқындай түсті.