
Бүгін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жастарға рухани тәрбие беру мен теріс діни бағыттардан сақтандыру мақсатында "Жат ағым жолдан адастырады" атты танымдық форум өтті.
🕌 Іс-шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласының Дін істері басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
✨ Форумды басқарма басшысы Б. Унербаев ашып, жастардың діни сауаттылығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жайлы маңызды ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, ҚМДБ оқу-ағарту және кадр бөлімінің меңгерушісі Х. Аманқұлов жастарды дұрыс бағытқа жетелейтін пайдалы ақпараттар ұсынды.
👥 Спикерлер қатарында:
▪️ "Сейтжан қари" мешітінің имамы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре
▪️ ҚМДБ жанындағы ақпараттық топ мүшесі Дастан Желеуов
▪️ Діни мәселелерді зерттеу орталығының директоры А. Уралбаев
🔍 Спикерлер теріс ағымдардың белгілері, әлеуметтік желіде абай болу, тыйым салынған сайттардан келетін қауіп туралы кеңінен айтып өтті.
💬 Студенттер өз сұрақтарын қойып, дәстүрлі дін мен күмәнді көзқарастарды қалай ажыратуға болатынын, сондай-ақ орамал мәселесіне қатысты нақты жауаптар алды.
📚 Жастарға бағыт берген бүгінгі жиын – жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.