ШЫМКЕНТТЕ «БІР АҒАШ ЕК» АКЦИЯСЫ ӨТТІ Шымкент қаласының дін істері басқармасы жолдаған “Тазару күніне” орай ұйымдастырылған челленджге қала аумағындағы діни бірлестіктер белсене қатысты. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдары қатысты. Осы «Бір ағаш ек» атты табиғатты қорғау, қолдау, жасылдандыру акциясы аясында мешіт ауласына 1000 түп ағаш отырғызылды.
