Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры қызметкерлеріне ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. 📢 Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры қызметкерлеріне теолог Б. Жұмаділлә арнайы кездесу өткізді. Іс-шараға 60 қызметкер қатысты. 🔹 Талқыланған тақырыптар: ✅ Қазіргі қоғамдағы діни ағымдардың ықпалы; ✅ Жалған діни түсініктерден сақтану жолдары; ✅ Діни сауаттылықтың тұлғалық және кәсіби дамудағы маңызы; ✅ Ұлттық және рухани құндылықтарды нығайту. Кездесу барысында қатысушылар діни сауаттылық, рухани құндылықтар, деструктивті ағымдардың қауіптілігі туралы маңызды ақпарат алды. Теолог дәстүрлі дін мен радикалды идеологиялардың айырмашылықтарын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
