«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ Бүгін, Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» тақырыбында рухани – танымдық кездесу өтті. Іс-шараға ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев қатысып, арнайы сөз сөйледі. Шара барысында ҚМДБ төрағасының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының таныстырылымы өтті.
