«ДЖИХАД» театрландырылған қойылым

«ДЖИХАД» театрландырылған қойылым

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2022 жылдың 10 тамызында Қаратау ауданы Шымкент қалалық өзбек драма театрында жергілікті тұрғындар назарына авторы Ж.Сайитовтың «Джихад» әлеуметтік драмасы сахналанды.

Оқиғаның бас кейіпкері Жомарт-дұрыс жолдан адасқан жігіт. Бұл спектакль нақты оқиғаларға негізделген. Оның жақын досы Расул өмірінде болған оқиғалар туралы айтады. Жомарт тәрбиели отбасында өсіп,  ер жетіп отбасылы болады.  Уақыт өтіп, Жомарт тез өзгереді. Ол интернеттегі күмәнді діни уағыздарды көп тыңдайды және мешіттегі имамдарға қарсы әрекет ете бастайды. Оның әкесі Мамуд ата ұлының деструктивті діни ағымдарға қосылғанын сезіп, ұлының досы Расулдан көмек сұрап, дұрыс емес жолдан тайуы керек дейді.

«Джихад» әлеуметтік драмасы қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірін ашады. Дәстүрлі қағидаттар мен әдет-ғұрыптардан, ұлттық, рухани құндылықтардан арылу, құндылық бағдарларын жоғалту қамтылған.