Шымкент қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Шымкент қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Шымкент қаласының дін істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының м.а. Ә. Хатиевпен бекітілген «Шымкент қаласында 2022 жылдың 19-20 шілде аралығында Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспары» бойынша Шымкент қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық – түсіндіру тобының  (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Бекбосынов Е.Т., Оспанов Д.К., Бердалиев И.Т., Матаев Е.Ж. тартылды.

19-20 шілде аралығында РАТТ мүшелерінің қатысуымен ҚР ҚАЖД №167/3 түзету мекемесіндежазасын өтеушілер, «Сайрам» мәдениет үйінде, «Абдул Хамид Қаттани» пен «Әл-Біләл» мешіттерінде, «Гарант» жүйелі телефондар сату дүкенінде мешіт жамағаттары және деструктивті діни ағым ұстанушы жамағаттары, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де жұмыссыз азаматтарымен, «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» еңбек мигранттары мен вахталық жұмыс жасайтын азаматтар, «Жастар орталығы» КММ –де жастармен, «Орталық диспетчерлік қызмет» КММ қоғамдық тасымал компаниялары мен такси компанияларының жүргізушілерімен, Енбекші ауданының «Жұлдыз», «Базарқақпа», «Елтай» елді мекендердің тұрғындарымен, сауда орталықтарында өз-өзін жұмыспен қамтыған саудагерлер мен қызметкерлері, ҚР ҚАЖД мекемесі пробация орталығында қылмыстық жазасын өтеп босатылғандар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.    

Аталған іс-шаралар жергілікті БАҚ өкілдері («Оңтүстік», «Нар-ТВ», «Айғақ») телеарналары арқылы жарияланды.