«Соңғы қоңырау»

«Соңғы қоңырау»

2022 жылғы 25 мамырда Шымкент қаласындағы Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектебінде «Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті. Осы білім ұйымдарындағы 242 525 оқушы оқу жылын аяқтаса, оның ішінде 11 189 бала оқуды бітіріп отыр.

Мектеп бітірушілер мен ұстаздарды құттықтау үшін Дін істер басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ бөлім басшысы Гүлмира Бектаевна қатысып, жас түлектерге сәттілік тілеп тілек сөз сөйледі.

Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 453 оқушы Алтын белгіге үміткер. Ал, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынса, биыл 17 мектеп салу жоспарланды. Келер жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетін болады. Одан бөлек, Оқушылар сарайы мен Саз мектебі салынуда.