Ғылыми кітапханада «Ихсан ілімі-бірлік пен Береке жолы» тақырыбындағы рухани семинар өткізілді

Ғылыми кітапханада «Ихсан ілімі-бірлік пен Береке жолы» тақырыбындағы  рухани семинар өткізілді

Бүгін Шымкент қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Шымкент орталық мешітінің мұрындық болуымен «Ихсан ілімі – бірлік пен бекере жолы» атты рухани семинар ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, Шымкент қаласының бас имам орынбасары әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Игі шара аясында арнайы баяндама оқылып, пікір-ұсыныстар айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Айта кетсек, ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және Шымкент қаласы күні мереесіне орай жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар тв», «Отырар» телеарналары сұқбат берілді.