Қала күніне орай футболдан турнир өтті

Қала күніне орай футболдан турнир өтті

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және шырайлы Шымкент қаласының үш жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласының дін істері басқармасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен мешіт имамдарымен футболдан турнир ұйымдастырылды.

Ойын алдында Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев пен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов арнайы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Жалпы 6 команда қатысты, атап айтқанда «Ақмешіт», «Номад», «Абай», «Әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары тартысты ойын көрсетті. Жалпы  ойын нәтижесі бойынша «Әл-Фараби» командасы  бас жүлдені жеңіп алды. Ал екінші орынды «Еңбекші», үшінші орынды «Абай» командасы ие болды.