Шымкенттік имамдар қан тапсырды

Шымкенттік имамдар қан тапсырды

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және Шымкент қаласы күні мерекесіне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қалалық Қан орталығында «Бәріміз — біріміз үшін» атты қан тапсыру шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық Дін істер басқармасының бас маманы Ғалымжан Сарманов, найб имам әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.

Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты. Сондай-ақ, жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар тв», «Отырар» телеарналары арнайы хабар таратты.