Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасымен кездесті

Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасымен кездесті

Бүгін, Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұяқбаев Конфессия аралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевпен кездесті.

Кездесу барысында Болат Сергазыулы Н.Назарбаев орталығының басым бағыттарымен, мақсат-міндеттерімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы туралы айтты.

Орталықтың идеологиялық маңызы зор жобалары мен іс-шараларын жүзеге асырумен қатар, конфессияаралық саладағы Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастар әлеуетінің басымдылығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде Дін аралық диалогты дамыту саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау мен қамтамасыз етудегі, конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің тиімді стратегиясын құрудағы рөлі туралы айтылды.

Шымкент қаласы дін істері басқарма басшылығы конфессияаралық қатынастардағы мемлекеттік саясатты іске асыруда аймақтарда болып жатқан ахуалға жан-жақты зерттеу жасауға, дін аралық келісімді нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсететінін жеткізді.