Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтимен кездесті.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтимен кездесті.

2021 жылы 1 маусым күні Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Шаhар басшысы кездесу барысында қала аумағындағы діни ахуал мәселелері, қайырымдылық бағытындағы жұмыстар, мешіттер төңірегінде сұқбаттасты.

Биыл қала әкімі бастамасымен «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы ұйымдастырылып, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қолдауымен 75 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және әкімдік арасында қаладағы діни тұрақтылыққа бағытталған көптеген жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі ҚМДБ-ның бастамаларына, бірлесе атқарылатын іс-шараларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.