2026 жылғы 17 қыркүйек күні «Достық үйі» ғимаратында Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктердің қатысуымен «дінаралық татулықты нығайту және дінаралық қақтығыстың алдын алу» атты семинар-конференция өткізілді. Іс-шара барысында Дін істері басқармасының қызметкерлері Асхат Касымбек және Әмірәлі Берік атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі тапсырмаларының маңыздылығы, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және жастарды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелерін ерекше атап өтті.
Семинар-конференция аясында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Абдурахман» мешітінің бас имамы Н. Ташходжаев, «Елуліктер» толық инжілінің христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің өкілі У. Кулмаханов, «Шымкент Евангельдік христиандық «Сун Бок Ым» шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінен В. Усманов, Шымкенттік «Голгофа» киелі інжілдік Мәсіхшілдік қауымы» жергілікті діни бірлестігінен З. Ан , «Шымкен қаласының «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінен А. Шаталов, «Вефиль» Шымкенттік христиандық- пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінен Х. Валерий, «Шымкент қаласының інжілдік мәсіхші Баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігінен А. Криварук, «Салем» Інжілдік Мәсіхші Баптистердің Шіркеуі қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігінен В. Телеш, «Орталық Шымкент қаласының Інжілдік Мәсіхші-Баптистердің Қауымы» жергілікті діни бірлестігінен А. Серикович, «Шымкент қаласындағы Жаңа Апостолдық шіркеу» жергілікті діни бірлестігінен Ю. Гимранов, «ОҚО Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Шымкент» жергілікті діни бірлестігінен А. Титов, Р. Шибельгут, «Шымкент қаласының еврей қауымы» жергілікті діни бірлестігінен З. Мурдухаев тарапынан діни толеранттылықты қалыптастыру, этносаралық татулықты сақтау, зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша сөз сөйледі.
Іс-шара қорытындысы бойынша діни бірлестік және этномәдени бірлестік өкілдері қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттылық, рухани келісім идеяларын насихаттау жолында атқарып жүрген елеулі еңбектер туралы сөйлесіп, тәжірбие алмасты.