Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде радикализм, экстремизм және терроризм профилактикасы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде радикализм, экстремизм және терроризм профилактикасы

Діни экстремизм мен радикалды идеология профилактикасы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсізді нығайту мақсатында Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында конфессияаралық келісімді сақтау, радикалды діни ағымдардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуде теолог радикалды ұйымдардың белгілері, олардың психологиялық ықпал ету тәсілдері, интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін үгіт-насихат және арбау әдістерін түсіндірді. Іс-шара аясында қатысушыларға ақпараттық және рухани қауіпсіздікті сақтау, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастырудың маңыздылығы, діни иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ радикализм мен экстремизм идеологиясының кез-келген көріністеріне төзбеушілік танытудың маңыздылығы түсіндірілді. Осы тұрғыдағы профилактикалық іс-шаралар қоғамдық келісімді нығайтуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған.