Іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Акишев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С. Забиров және Шымкент қаласының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы И. Айтаев қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында зайырлылық қағидаттарын сақтау, әріптестерге діни наным-сенімдерін таңбауға, сондай-ақ қызметтік бағыныстағы азаматтарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу және дін саласындағы заңнама талаптарын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.