Құрбандық шалу тек арнайы орындарда жүзеге асырылады.

Құрбандық шалу тек арнайы орындарда жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Құрбан айт мерекесі күндері қала аумағында мал сою жұмыстары тек арнайы бекітілген орындар да өтетіні айтылды. Бұл мақсатта «Kz Meat Farm» ШҚ, «Қазығұрт БРБ» АӨК  мал сою орындары жұмыс істейтін болады. Аталған нысандар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай қызмет көрсетеді және тұрғындарға қауіпсіз жағдай жасайды. Арнайы мал сою орындарының бірі – «Kz Meat Farm» ШҚ (Қаратау ауданы, Бозарық 3 т/а, №1989 учаске). Сондай-ақ «Қазығұрт БРБ» АӨК (Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, №12/1)  арқылы да мал сою қызметтері көрсетіледі. Мамандар тұрғындарды құрбандық шалу рәсімін тек ресми және санитарлық талаптарға сай орындарда жүзеге асыруға шақырады.