«Ұлы тұлғалар апталығы» аясындағы кезекті тағылымды кездесу Абай Құнанбайұлына арнап өткізілді.

«Ұлы тұлғалар апталығы» аясындағы кезекті тағылымды кездесу Абай Құнанбайұлына арнап өткізілді.

«Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясында Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 30 сәуірде апталықтың қорытынды мәдени-рухани кеші өтті.

Іс-шара аясында театрландырылған қойылым (пролог) ұсынылып, Ph.D., абайтанушы Әзімхан Үсенұлы Исабек өз сөзінде ұлы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы – тек қазақ халқы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесіндегі аса маңызды феномен екенін және Абайдың «толық адам» ілімі, қара сөздеріндегі терең философиялық ойлар мен адамгершілік қағидаттардың бүгінгі жаһандану дәуірінде де өзектілігін жоғалтпағанын жеткізді.

Сонымен қатар, тәжірибелі және білікті дінтанушы Исламқұл Иманқұлұлы ұлттық құндылықтар – бейбітшілік, ізгілік, білім мен адамгершілік және діни сауаттылықты арттыру – қазіргі заманның маңызды талаптарының бірі екенін атап өтіп, жастарды деструктивті діни ағымдардан сақ болуға және дәстүрлі діни танымды дұрыс түсінуге шақырды.

Аталған жоба барысында 23-30 сәуір күндері қала жастарының рухани-танымдық деңгейін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттауға, дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіруге, жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік қасиеттері мен интернет кеңістігіндегі жалған ақпараттардан сақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.

3000-ға жуық жас қамтылған бұл іс-шараларда Қожа Ахмет Ясауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абай Құнанбайұлы және Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен ғылыми-рухани мұралары таныстырылып, дәрістер, семинар-тренингтер және ашық пікір алмасу алаңдары өткізілді.

«Ұлы тұлғалар апталығы» – өткен мен бүгінді сабақтастырып, өскелең ұрпаққа рухани бағдар беретін маңызды мәдени-ағартушылық жоба.

Қорытынды кеш барысында қатысушыларға апталық аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылып, шығармашылық және танымдық бағдарламалар ұсынылды.

Ұлт руханиятын дәріптеу – болашаққа салынған берік негіз.