
Шымкент қаласы полиция департаментінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Зайырлылық – тұрақтылық пен татулықтың кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өтті.
Кездесуде қатысушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары, діни сенім бостандығы, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның талаптары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Іс-шара қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуға бағытталды.