
Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғалар апталығы» аясындағы кезекті тағылымды кездесу өтті.
Бұл жолғы іс-шарада Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы кеңінен насихатталып, оның өмір жолы мен еңбектерінің мән-маңызы тереңінен түсіндірілді. Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, адамгершілік тәрбие және дін мен дәстүр сабақтастығы туралы мазмұнды ойлар айтылды.Жастар ресурстық орталығында өткен кездесуге колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, рухани мазмұны бай дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шараға арнайы спикер ретінде ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Исламқұл Иманқұлұлы және тәжірибелі психолог Алтынбек Срайылұлы қатысып, өзекті тақырыптар төңірегінде пайдалы пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында белсенді жастарға ұлы тұлғалардың еңбектері табысталып, рухани азық сыйланды. Ұлт руханиятын дәріптеу – болашаққа салынған берік негіз!