«Ұлы тұлғалар апталығы» аясындағы кезекті іс-шара Өзбек драма театрында өтті.

«Ұлы тұлғалар апталығы» аясындағы кезекті іс-шара Өзбек драма театрында өтті.
Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғалар апталығы» аясындағы кезекті іс-шара Өзбек драма театрында өтті.

Кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауи мен Абай Құнанбайұлы сынды ұлы тұлғалардың өмірі, шығармашылығы және рухани мұрасы кеңінен насихатталды. Лекторлар олардың еңбектері арқылы ұлттық құндылықтар, адамгершілік тәрбие және дін мен дәстүр сабақтастығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.

Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылар қатысып, тағылымды дәрістерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Кездесуде спикерлер ретінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Бесбаев Мади, абайтанушы, PhD докторант Әзімхан Үсенұлы Исабек, сондай-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанболатов Саттар баяндама жасады.

Іс-шара соңында келген жастарға Абай Құнанбайұлы шығармаларының кітаптары табысталып, рухани мұраға деген қызығушылықты арттыруға ерекше мән берілді.