
Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 23 сәуір күні дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету, зайырлық қағидаттарын тұрақты түрде ілгерілету, конфессияаралық келісімді және дін аралық толеранттылықты нығайту мақсатында қазақтың ұлы тұлғаларының (Қ.А.Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Аахмет Байтұрсынов, М.Х.Дулати) ұстанымдары мен құнды деректеріне қатысты тарихи-танымдық еңбектерін насихаттау бойынша қала жастарының, тұрғындарының қатысуымен кең ауқымды «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» атты рухани-ағартушылық жоба бастау алды.
Жобаның ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады және негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолын үлгі ету, рухани сананы жаңғырту, сондай-ақ діннің қоғамдағы рөлін дұрыс түсіндіру және патриоттық тәрбиені нығайту.
Апталық аясында қала тұрғындарына, соның ішінде жастарға қазақ халқының ұлы ойшылдары, ғұламалары мен тарихи тұлғаларының өмірі мен еңбектері жан-жақты таныстырылып, олардың тағылымды мұралары дәріптеледі. Сонымен қатар, түрлі форматтағы кездесулер, ашық пікірталастар мен тағылымды дәрістер ұйымдастырылып, дәстүрлі діннің адамгершілік, ізгілік пен бірлік құндылықтарын қалыптастырудағы маңызы кеңінен түсіндіріледі.
Жобаның алғашқы кездесуі 23 сәуір күні Ақжар тұрғын алабында өтті. Аталған іс-шараға жергілікті жастармен қатар тұрғындар да белсенді қатысып, рухани тақырыптар аясында өзара пікір алмасты. Кездесу барысында қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі кеңінен насихатталып, оның білім мен тәрбие саласындағы еңбектерінің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, діннің қоғамдағы орны, оның тәрбиелік және рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.