«Зайырлы мемлекеттік: дін бостандығы мен заң үстемдігі» тақырыбында кездесу өтті.

«Зайырлы мемлекеттік: дін бостандығы мен заң үстемдігі» тақырыбында кездесу өтті.

Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен “ҚРІІМ Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне «Зайырлы мемлекеттік: дін бостандығы мен заң үстемдігі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында зайырлы мемлекеттің қағидаттары, дін бостандығының құқықтық негіздері және заң үстемдігінің қоғамдағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының зайырлы даму жолы, дін мен мемлекеттің арақатынасы, азаматтардың ар-ождан еркіндігін сақтау мәселелері бойынша нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпарат берілді. Сонымен қатар, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тұрақтылықты нығайту тақырыптары қозғалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан мазмұнды жауаптар ұсынылды.