
Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманының қатысуымен «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде» «Зайырлылық қағидаттарының жастар тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаттары, дін мен мемлекеттің арақатынасы, жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, толеранттылық пен азаматтық жауапкершіліктің маңызы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында зайырлы құндылықтарды насихаттау, сыни ойлау қабілетін дамыту және радикалды идеологиялардың алдын алу.
Жастардың саналы, жауапты әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуы – қоғамның тұрақты дамуының негізі.