Шымкент қаласында «Өмірге үміт сыйла» атты қан тапсыру акциясы өтті

Шымкент қаласында «Өмірге үміт сыйла» атты қан тапсыру акциясы өтті
Бүгін Шымкент қаласы дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты акция өтті.

Аталған қайырымдылық акциясына Басқарма қызметкерлері мен қала имамдары белсенді түрде қатысып, қан тапсыру арқылы мұқтаж жандарға үміт сыйлауға өз үлестерін қосты. Акцияның басты мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамыту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және адам өмірін сақтауға бағытталған игі бастамаларды қолдау болып табылады.