Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен ақпараттық түсіндірме жұмыстары өтті

Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен ақпараттық түсіндірме жұмыстары өтті

Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен азаматтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Бұл шара -  ұлттық құндылықтарды насихаттап, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал етуді мақсат етеді.

Шара барысында еліміздегі бейбітшілік пен этносаралық татулықты сақтау және оның қоғам дамуындағы рөлі, жастардың құқықтық жауапкершілігі мен заң талаптарын орындаудың маңызы, әлеуметтік желілерді қауіпсіз, мәдениетті және жауапты түрде пайдалану, сондай-ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мамандар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.