Отбасы және ұрпақ тәрбиесі

Отбасы және ұрпақ тәрбиесі

“Мадейра Мерей атындағы жалпы орта мектебінде” «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Отбасы және ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында танымдық кездесуі өтті. Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің негізгі ұясы ғана емес, сонымен бірге діни-рухани құндылықтардың берілетін алғашқы ортасы. Ата-ананың өзара сыйластығы, имандылыққа негізделген мінезі мен үлгісі баланың адамгершілік ұстанымдарына, жауапкершілік сезіміне және өмірлік көзқарасына тікелей әсер етеді. Дін үйрететін мейірім, әділдік, еңбексүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасып, ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қоғамның рухани тұрақтылығын нығайтады. Сондықтан отбасындағы жылы қарым-қатынас пен діни-адамгершілік тәрбиенің үйлесімді берілуі саналы, ізгілікті ұрпақ қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.