
Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында және №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінде «Дін атын жамылған жат ағымдардан қорғанудың жолы – төл дәстүрді танып-білу», «Төл дәстүр – рухани иммунитет» тақырыптарында мазмұнды кездесу өтті.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық болмыстың қадір-қасиетін танытып, санасына төл мәдениеттің маңызын сіңіру болды. Сонымен қатар, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, дін саласындағы дұрыс ақпаратты жеткізу арқылы жауапкершілікті көзқарас қалыптастыру, қоғамдағы рухани тәртіп пен үйлесімділікті нығайтуға ықпал ету көзделді.