
Жоғары медицина колледжінде жастардың құқықтық, азаматтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Бұл шара - жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал етуді мақсат етеді.
Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкері Б. Самал, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері А. Нұржан, «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Ә. Берік, сондай-ақ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А. Нұрдәулет қатысып, әр бағыт бойынша ақпараттарымен бөлісті.
Шара барысында еліміздегі бейбітшілік пен этносаралық татулықты сақтау және оның қоғам дамуындағы рөлі, жастардың құқықтық жауапкершілігі мен заң талаптарын орындаудың маңызы, әлеуметтік желілерді қауіпсіз, мәдениетті және жауапты түрде пайдалану, әскери борышты өтеудің патриоттық тәрбиедегі орны сондай-ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар мамандар жастарға күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.