«АДАЛ АЗАМАТ: ШЕТ ЕЛДЕГІ БІЛІМ, КҮМӘНДІ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУПІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратында жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ жастардың діни санасын нығайту және рухани тұрақтылығын арттыру мақсатында «Адал азамат: шет елдегі білім, күмәнді теологиялық оқу орындары және жат діни ағымдардың қаупі» тақырыбында республикалық ақпараттық-түсіндіру топ (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесуге Д.Кенжетаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, теология ғылымдарының PhD докторы және І.Нағызхан, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы қатысып, студенттермен ашық сұхбат өткізді.
Шара барысында мамандар жастарға шет елде діни білім алу кезіндегі сақтық шаралары, күмәнді теологиялық оқу орындарының ықтимал зардаптары, деструктивті ағымдардың белгілері, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы таралатын радикалды идеялардың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қатысушылар назарына арнайы әзірленген «Әмірдің ақыры», «Адастырған “Ақиқат”» атты екі деректі фильм және «Жат ағымның қаупі қандай?», «Онлайн медресе – кімнің ордасы?» атты бейнероликтер ұсынылды.
Іс-шараға 1400 студент (2 кезең) қатысып, тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.