
Шараға теолог Шамуратов Алихан қатысып, жастарға діни экстремизмнің алдын алу және рухани құндылықтарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ұлттық дәстүр мен имандылықты ұштастыра отырып, жастардың тұлғалық қалыптасуындағы рухани тәрбие рөлі аталып өтті. Экстремистік идеологиялардың таралу тәсілдері, жалған ақпараттың зияны және одан қорғанудың жолдары түсіндірілді.
Шамуратов Алихан оқушыларға сенімді дереккөздерді ажырата білу, ақпараттық кеңістікте абай болу және рухани иммунитетті күшейту қажеттігін жеткізді. Ол сондай-ақ ізгілік, еңбексүйгіштік пен жауапкершілік сияқты қасиеттердің жас буын үшін өмірлік бағдар бола алатынын атап өтті.