Діни сауаттылықты арттыру және радикалды идеологияның алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Діни сауаттылықты арттыру және радикалды идеологияның алдын алу  мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

       2025 жылғы 20 қазанда Қазақстан жоғары медициналық колледжінде радикалды идеологияның алдын алу және діни сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

      Іс-шара барысында радикалды діни ағымдардың қоғамға төндіретін қауіп-қатері мен олардың жастарға әсер ету жолдары кеңінен талқыланды. Кездесу спикері діни ақпаратты тек ресми әрі сенімді көздерден алудың маңыздылығын атап өтіп, күмән туындаған жағдайда білікті мамандарға жүгінудің қажеттілігіне ерекше тоқталды.

       Сонымен қатар, спикер қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты енгізілген жаңа нормативтік талаптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған кездесу қоғамда тұрақтылықты сақтау, діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында ұйымдастырылды.