18 қазан - Рухани келісім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

18 қазан - Рухани келісім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада қаладағы діни бірлестіктердің басшылары және өкілдерімен бірге 18 қазан – Рухани келісім күніне арналған салтанатты кездесуге қатыстым.

Бұл – халқымыздың рухани бірлігі мен татулығын дәріптейтін, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген ерекше мәні бар күн.

Кездесу барысында елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау жолындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасып, діни бірлестіктердің өкілдеріне өз алғысымды білдірдім.

Дінаралық татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін бірқатар дін өкілдеріне Шымкент қаласы әкімдігі атынан Алғыс хаттар табыстадым. Сонымен қатар, 14 қазан күні өткен достық турнирінде жүлдегер атанған командалар да арнайы марапатталды.

Рухани келісім – еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты негізі. Бұл жолда бірлесе жұмыс істеу – ортақ парызымыз.