18 қазан - Рухани келісім күніне орай, дін істері басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы, қала аумағындағы діни конфессиялар өкілдері арасында өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 14 қазан күні «Аламан» спорт кешенінде діни бірлестіктері арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара барысында дін істері басқармасының басшысы Серғазы Әбілхаиров сөз сөйлеп, қатысушыларды «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда діни бірлестіктердің үлесін жоғары бағалап, қаладағы конфессияаралық татулық пен бейбітшілікке бағытталған жұмыстарды одан әрі күшейтуге шақырды.