№12 жалпы орта мектеп оқушыларымен жастардың діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

№12 жалпы орта мектеп оқушыларымен жастардың діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 №12 жалпы орта мектеп 

Бүгін теолог Аманкелді Нұрдәулет №12 мектептің 140 оқушысымен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың зиянын түсіндіру және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту болды.

Кездесу барысында спикер оқушылармен ашық әңгімелесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға нақты мысалдармен жауап берді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі жалған діни ақпараттарға алданып қалмауы үшін ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Жастар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы бейбітшілік пен татулықтың дінмен тікелей байланысы туралы пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, рухани әсер алғандарын айтты.

 Мұндай шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухани иммунитетін қалыптастырып, саналы азамат ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады.