📍 Шымкент | 6 – 10 қазан 2025
Шымкент қаласының Дін істері басқармасының тапсырмасына сәйкес 2025 жылғы 29 қыркүйек пен 17 қазан аралығында Өңірдегі имамдардың, теологтардың және ақпараттық-түсіндірмелік топ мүшелерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мен шешендік сөз өнерін дамыту, қала аумағындағы (Республикалық деңгейдегі) танымал ақпараттық-түсіндірмелік көшбасшыларды даярлау бойынша ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің имамдарына арналған 5 күндік оқыту-семинары ұйымдастырылды.
Аталған оқыту-семинарға Айтаев Икрам Сатибалдиевич, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы, Серғазиев Нұрлан Арыстанбайұлы, Жақыпбекова Әлия Темірбекқызы, Әбілқайырова Айнұр Несіпбайқызы, Арынтаева Бағила Скендировна, Нариман Мәдина Ержанқызы секілді тәжірибелі теологтар, дінтанушылар, заңгерлер, психологтар және БАҚ мамандары қатысты.
Біліктілік арттыру курсында діндарлардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігі, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу жолдары, ислам құқығы мен дәстүр сабақтастығы, діни сана мен адам психологиясы, сондай-ақ шешендік өнер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімді тәсілдері тақырыптарын қамтыды.
Курс барысында дәріс тыңдаушылар тарапынан тақырыптарға қатысты сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу мен ұсыныстар тыңдалып, тәжірибелерімен бөлісті.