Басқарма тарапынан Мирас университетінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде жат діни ағымдардың қауіптілігі мен олардан сақтанудың маңыздылығы жайлы айтылып, әлеуметтік желілерден діни ақпараттар алуда барынша сақ болу қажеттілігі айтылды. Дінге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда дін саласының мамандарына жүгіну керектігі ескертілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салынатын жаңа нормалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.