“Абай әлемі-отбасы құндылығының темірқазығы” атты іс-шара өтті

“Абай әлемі-отбасы құндылығының темірқазығы” атты іс-шара өтті

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай
қаламыздың белсенді жастарымен ашық алаңда кездесу өтті.
Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 22 тамызда–Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай әлемі-отбасы құндылығының темірқазығы” атты іс-шара қаламыздың белсенді жастары қатысуымен Абай саябағының орталық кіреберісінде бас қосып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен бастау алды.
Абайдың шығармашылығымен танысып, ашық алаң форматында ой-пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында Абайдың мұрасын насихаттау, оның даналық ойлары мен рухани құндылықтарын қазіргі қоғамда қолданудың жолдарын талқылау. Жиынға барысында жастар поэзия оқып, пікірталасқа қатысып, ойшылдың шығармаларындағы идеяларды қазіргі заманмен байланыстырады. Іс-шара қонақтары Сүлейменов Жандаулет Астана қаласының “Sapsan” страгедиялық орталық директоры, теолог. Тойғылы Дінмұхамед Астана қаласының “Sapsan” стратегиялық орталық теологы. Бекбосынов Ермек РАТТ мүшесі, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің “Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық” кафедра доценті, РһD қатысты