Бүгін Шымкент қаласы дін істері басқармасы және орталық мешіт пен қалалық «Зекет» қорының ұйымдастыруымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы болып өтті.
Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.
Акцияда 500 оқушыға мекеп формасы мен сөмкесі, дәптер, қаламы т.б. мекепке қажетті құралдарын табыс етті.