Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков төрағалық еткен жиынға ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, төрт аудан әкімдігіненің өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері мен медицина ұйым басшылары қатысты.
Жиын барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты тарту бойынша ағымдағы жағдай баяндалды. Сондай-ақ кәсіпкерлер мекемелерінде 12 ай мерзімінде жұмыс жасаған қызметкерлердің медициналық сақтандырылуы толық қамтамасыз ету, сақтандырылмаған азаматтар бойынша аула аралаау жұмыстарын жауапты мекемелермен бірігіп жүргізу, арыз-шағымдарды азайту және ақаулық акттерді болдырмау мақсатында пациенттерді қолдау және ішкі экспертиза қызметі жұмысы күшейту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Шымкентте 900 мыңнан астам азамат медициналық сақтандырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін 250 мыңға жуық адамның МӘМС жарнасы жұмыс беруші мен жалақысынан тұрақты түрде аударылуда. 7000-ға жуық адам жарнасын дербес төлеуші ретінде төлейді. Жеңілдік санатындағы 722 529 шымкенттік мемлекет есебінен сақтандырылған.