Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2,1 млрд теңгеден астам қаржыға қатысты қаржылық бұзушылықтар туралы жарияланған материал бойынша, аталған ақпараттың дұрыс ұсынылмағанын хабарлайды.
2024 жылға 18 жасқа дейінгі балаларды қосымша иммундаудан өткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген.
Алайда, «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы жоғарыда аталған вакциналардың жеткізушілері табылмағанына байланысты сатып алуды жүзеге асырмады. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС 2024 жылғы 3 қазанда № 06-01//4896 шығыс хатымен хабарлаған.
Осыған байланысты Басқарма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №1082 Қаулысына сәйкес бөлінген 2 106 402,3 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражатын қайтарды. Бұл қаражат 2015 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларының 5-тармағына сәйкес қайтарылды. Онда «қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген қаражат пайдаланылмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген қаражатты тиісті резервті қалпына келтіру арқылы қайтарады» деп көрсетілген.