Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу

Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу

«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласының әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – ШЖҚ МКК)
ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК
ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК
ШЖҚ «№13 қалалық емхана» МКК
ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» МКК
(Конкурсқа қатысу туралы өтініште жоғарыда аталған ұйымдардың бірін көрсету қажет)
Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді және «2024 жылғы 19 ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін ашпаңыз» деп көрсету қажет. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Конкурстық құжаттарды қабылдау – 2024 жылғы 18 қаңтардан бастап.
Конкурстық құжаттарды қабылдауды аяқтау – 2024 жылғы 19 ақпанға дейін.
Конкурсты өткізу күні мен орны - 2024 жылдың 23 ақпан, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12А үй, 706, 160000 кабинет.
Анықтама телефоны +7 (7252) 56-23-30.