Шымкентте аралас отасы жасалды

Шымкентте аралас отасы жасалды

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында қалқанша безі мен бауырдың ірі ісіктерінің радиожиілікті абляциясына арналған шеберлік сабағы өтті. Тәжірибе алмасу барысында 3 пациентке жасалған операциялар сәтті өтті.
Оталар қалқанша безінің қатерсіз аденомасында, бауырдың 6/7 сегменттерінің қатысуымен қайталанатын Клацкин ісігінде және метастаздық колоректальды обыры бар пациентте бауыр ошағының радиожиіліктік абляциясы мен сол жақ гемикол - эктомияда аралас операциясы жүргізілді.
Тіліксіз ота кезінде науқастарда метастаздық ісіктер радиожіліктілік толқын көмегімен жойылады.