ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ БОС ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 1 БІРЛІК.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ  ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ БОС ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 1 БІРЛІК.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және  оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ БОС ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ          

1 БІРЛІК.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі-басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің   2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  бас дәрігерінің бос орнына конкурс жариялайды.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  бас дәрігері-1 бірлік.

Конкурсты өткізу мерзімі:  Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау мерзімді баспа басылымдарында және басқарманың интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қабылданады. Конкурсқа өтініш беру мерзімі он бес күн.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 «А» үй, 6 қабат, 607 кабинеті.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қала бойынша АИТВ жұқтырған тұлғаларға медициналық көмек көрсету, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу, АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу жұмысын жүргізеді.

Денсаулық сақтау ұйымы басшысының қызмет орнына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:

"Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі "Денсаулық сақтау" білім беру бағыты бойынша білім және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы;  

Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

        Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын. Қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері,  басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер, халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері, отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері,  денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары, төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      4) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжа йы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      5) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар мына мекен-жайға  жіберілуі тиіс: 160000, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 «А» үй, 6 қабат, 611 кабинет. Басқарманың медицина ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімі. Анықтама сымтетіктері: (8-725-2) 56-23-11.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжат қабылдау соңғы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып, 15 күннен кейін аяқталады.