ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ШАҚАЛАҚҚА ТУЫЛҒАН КҮНІ БІРНЕШЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ШАҚАЛАҚҚА ТУЫЛҒАН КҮНІ БІРНЕШЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында дәрігерлер күрделі туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестеге шұғыл түрде екі бірдей жоғары технологиялық ота жасады.25 қарашада 4550 грамм салмақпен дүниеге келген сәбидің жағдайы туған сәттен бастап ауыр болды. Мамандардың айтуынша, нәрестеде бірқатар күрделі туа біткен ақаулар – меконийлі перитонит, гидроцеле, орхит және екі жақты пиелоэктазия анықталып, шақалақтың жағдайы тез нашарлаған. Осыған байланысты шұғыл хирургиялық көмек көрсету қажеттілігі туындады.
Дүниеге келген күні хирург-дәрігерлер тарапынан бір мезетте екі ота жасалды.
Бірінші ота барысында:
– оң жақтан көлденең лапаротомия,
– іш қуысына толық ревизия,
– мықын ішегінің кистозды екі еселенген бөлігін резекциялау,
– илеостома шығару,
– іш қуысын санациялау және дренаждау жүргізілді.Екінші отада сол жақ ұрық қабықтарына ревизия жасалып, дренаждау шаралары орындалды.
Жүргізілген бірнеше күрделі хирургиялық араласудан кейін нәрестенің жағдайы тұрақтанды. Қазіргі таңда бала өздігінен тыныс алуда, жалпы жағдайы жақсарған, дәрігерлердің бақылауында.