Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен адам папиллома вирусын (АПВ) диагностикалау, алдын алу және 11 жасар қыз балаларға вакцинация жүргізу тақырыбында семинар өтті.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен  адам папиллома вирусын (АПВ) диагностикалау, алдын алу және 11 жасар қыз балаларға вакцинация жүргізу тақырыбында семинар өтті.

Маңызды шараға Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшылары мен жауапты мамандары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, ОҚМА-ның инфекциялық аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері, медициналық ұйымдардың емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, дәрігер-иммунологтар, онкологтар, инфекционистер, сондай-ақ қалалық медициналық ұйымдардың госпитальдық эпидемиологтары қатысты.
Сондай-ақ семинарда Қытайдың Гуандун провинциясында тіркелген Чикунгунья жұқпалы ауруына қатысты мәселелер де қаралды.
Негізгі мақсат – жұқпалы аурулардың алдын алу, халықтың денсаулығын қорғаудағы шараларды күшейту.