Франция азаматы, кәсіби спортшы-боксшы Klaus Demeri жарыс кезінде жарақат алып, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлер жүргізген тексеру барысында науқасқа:
•жабық сыртқы мұрын сүйектерінің сынығы;
•сол жақ гаймор қуысының орбиталық қабырғасының ығысқан сынуы;
•көз алмасының жұмсақ тіндерінің гаймор қуысына түсуімен қатар жүретін жарақат диагнозы қойылды.
Науқас шұғыл түрде ЛОР бөлімшесіне жатқызылып, сүйек сынықтарын репозициялау және эндоскопиялық баллонопластика отасы жасалды. Операция сәтті өтті.
Пациент 5-ші тәулікте қанағаттанарлық жағдайда шығарылып, медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.