Су айдындарындағы сақтық шараларын сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіз үшін маңызды!
Ыстық ауа-райының басталуына байланысты, жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қаза болуын болдырмау мақсатында, табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық ережелері мен оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл сіздің балаларыңызды судағы жазатайым оқиғалардан САҚТАЙДЫ – олардың бүгінгі және болашақ өмірі осыған байланысты.
Шомылуға қатаң тыйым салынады:
балалардың ересектердің бақылауынсыз;
бейтаныс жерлерде;
үрлемелі матрастармен, камералармен және басқа да жүзу құралдарымен (ересектердің бақылауынсыз);
Келесі ережелерді сақтау қажет:
Суға түспес бұрын бірнеше жеңіл дене жаттығуларын жасаңыз;
Судың температурасы денеңізге жайлы екеніне көз жеткізіп, суға біртіндеп түсіңіз (белгіленген нормадан төмен болмауы тиіс);
Табиғи су айдындарында шомылғанда, қоршау белгілерінен асып жүзбеңіз, моторлы қайықтар мен басқа да жүзу құралдарына жақындамаңыз;
Күн өтіп кетпеуі үшін жағажайда міндетті түрде бас киіммен болыңыз;
Су ішінде орынсыз қауіп-қатер мен тентектікке жол бермеңіз.
Су айдындарындағы тыйым салынған қауіпсіздік ережелері:
алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде шомылуға;
қайықтардан, катерлерден суға секіруге;
тексерілмеген, жабдықталмаған орындарда суға түсуге, сүңгуге;
жүзудің шекарасын белгілейтін белгілерден асып жүзуге;
жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар, сақ болыңыздар және сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Мамандардың кеңестерін есте сақтаңыздар!