Шымкентте «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Прокурорлық сағат» атты іс-шара өтті 

Шымкентте «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Прокурорлық сағат» атты іс-шара өтті 

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидасы аясында ZOOM платформасы арқылы ауқымды «Прокурорлық сағат» онлайн іс-шарасын ұйымдастырды. Прокурорлық сағат 76 мыңнан астам оқушы мен студенттерді біріктірді.

Сонымен қатар, кездесуге қала әкімінің орынбасары, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының мамандары және әлем чемпионы атанған спортшы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткіге қарсы күрес, жазғы демалыстардың қарсаңында демалысты қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру, жастарды еңбекке және волонтерлікке тарту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Қазақстанның болашағы – саналы және мақсатты ұрпақтың қолында». Осы орайда қатысушылар тәрбиелі, адал, білімді, заңды құрметтейтін және қоғамдық құндылықтарды насихаттай алатын елдің лайықты азаматтары болуға шақырылды.

Спикерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық түсіндіру жұмыстары мен өткізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Шымкент қаласының прокуратурасы